Air Astana ұшағынан ақау шығып, Ақтауға қонуға мәжбүр болды
Зардап шеккендер жоқ.
8 қаңтарда Алматыдан Анталияға ұшқан Air Astana әуе компаниясының KC915 рейсі Ақтау әуежайына мәжбүрлі түрде қонды.
"Эйр Астана" әуе компаниясының мәліметінше, Airbus A321 ұшағы Алматыдан сағат 08:35-те ұшқан. Бірақ орталық цистернаның жанармай жүйесінің босату клапанының ақауы анықталғандықтан, экипаж жоспардан тыс қонуға шешім қабылдаған.
Зардап шеккендер жоқ. Алматыдан қосалқы бөлшектерді жеткізу қажеттігіне байланысты рейс 9 қаңтарға ауыстырылды.
Әуе компаниясы рейстегі жолаушылар тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етілетініні мәлімдеді. Анталияда рейсін күтіп отырған жолаушылар үшін де осындай шаралар қабылданды.