Саясат

Наурыз, Ронни және Нэнси: Ақорда Президенттің асыл тұқымды тазыларын көрсетті

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі былтыр Астанада Наурыз мейрамын тойлау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйға тартылған Наурыз есімді иттің суреті мен видеосын көрсетті,

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі былтыр Астанада Наурыз мейрамын тойлау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйға тартылған Наурыз есімді иттің суреті мен видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Tengrinews.kz тсілтеме жасап. 

Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толған.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің фотографы Наурыздың серуен кезіндегі видеосын көрсетті.

Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.

"Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды. Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады", - делінген хабарламада.