Ауа райы қолайсыздығына байланысты бірнеше рейс кешігіп жатыр
Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар.
– 2025 жылдың 8 қаңтарында қолайсыз ауа райы жағдайына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстері кейінгі уақытқа ауыстырылды, – деп хабарлады әуежайдан.
Айта кетейік, Алматы әуежайының онлайн-таблосының деректеріне сәйкес ұшуға тиіс ішкі және халықаралық рейстің 10-нан астамы кешіктіріліп жатыр. Тіпті, бірнеше рейстер тоқтатылды.