Әлеумет

Батыс Қазақстан облысында метапневмовирустың екі жағдайы анықталды

Батыс Қазақстан облысында метапневмовирустың екі жағдайы 14 жасақа дейінгі балалардан анықталды.

Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, екі жағдайда да 14 жасқа дейінгі балалар ауырған.

Санитарлық дәрігерлер аймақ тұрғындарын инфекцияның таралу қаупін азайту үшін алдын-алу шараларын қолдануға шақырды.

Атап айтқанда:

үй-жайларды желдету;

адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу;

науқастармен байланысты шектеу және оларды оқшаулау;

Балаларға ерекше назар аудару, суық тию белгілері пайда болған кезде оларды балабақша мен мектептерге жібермеу сұралады;

Егер жағдай нашарласа, медициналық көмекке жүгіну керек.