Әлеумет

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы қымбат бұйымдарды аукционға шығарды

Бұл мемлекеттік аукцион сайтында тұр.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы мемлекеттік аукцион сайтында қымбат бұйымдарды аукционға шығарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Мемлекетке қайтарылған активтерді сатып, бюджетке қаражатын бағыттауға қаржы министрлігіне қарайтын Қайтарылған активтерді басқару компаниясы жауапты. Компания десе де, қандай мүлік кімнен қайтарылғанын, ол нысандар немесе асыл бұйым қандай жолмен мемлекет меншігіне өткенін ашып айтпайды.

Мемлекеттік аукцион сайтында жақында осындай мүліктердің көз тартар бір шоғыры саудаға шығарылды. Оның ішінде құны жүздеген миллионға баратын қымбат сағаттар, құнды сақиналар мен сырғалар бар.