Руханият

Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасқа әкімдік 10 миллион төлемек

Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасқа әкімдік 10 миллион төлемек

22 наурызда Павлодардың орталық алаңында белгілі әнші Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас өнер көрсетеді. Бұл оқиға қала бюджетіне 10 млн теңгеге түспек, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Наша жизнь басылымына сілтеме жасап.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар әкімінің орынбасары Светлана Гладышева Наурыз мерекесін атап өту жоспарын баян етті. Оның айтуынша, бюджеттің негізгі бөлігі жұлдызды әртістердің ақысына кеткен. Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасқа жалпы шамамен 10 млн теңге жұмсалады.

Павлодарда Наурыз мейрамы екі күн тойланады. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына жарқын қойылымдар мен мәдени іс-шараларды тамашалауға мүмкіндік береді.