сейсенбі, 7 қаңтар, 2025 9:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот отырысы наурыз айында басталуы мүмкін

Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот отырысы наурыз айында басталуы мүмкін
фото: ашық дереккөз
Бұл туралы құқық қорғаушы Айтбек Амангелді жазды.

Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот отырысы наурыз айында болуы мүмкін. Бұл туралы құқық қорғаушы Айтбек Амангелді жазды.

«Сот наурыз айында болады деп бағамдаймын, мүмкін одан ерте не кеш болар. Тергеу әлі де аяқталу кезеңінде, әрі қарай тараптарға танысып шығуға уақыт беріледі. Оның үстіне бізде 11 күдікті мен олардың адвокаттары бар, олар да танысып болған соң талап-арыз беруі мүмкін. Одан кейін прокуратураның қарауына және процессуалдық бұзушылықтарды тексеруге беріледі, сотқа жіберіліп, судья анықталады», - деп жазды Айтбек Амангелді Instagram парақшасында.

Еске салайық,Талғарда 4 қазан күні төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапқан болатын. Кейін марқұмның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың өзіне қол салып көз жұмғаны белгілі болды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар