Францияда Рождестводан кейін жағдай нашарлады. Көбінесе 15 жасқа дейінгі балалар ауырып жатыр. Жыл сайын қыста 2-6 миллион француз тұмау вирусын жұқтырады.
Румынияда тұмаудың асқынуынан төрт адам қаза болды. Ұлттық денсаулық сақтау институты өткен аптада ресми түрде 4100-ден астам жағдай тіркелгенін айтады, бұл алдыңғы аптадағы саннан екі есе дерлік.
Испанияда да тұмау, бронхиолит және COVID-19 көрсеткіштері артып келеді.
Каталония мен Валенсия автономиялық қауымдастықтарындағы денсаулық сақтау мекемелерідабыл қақты, дегенмен жағдай келесі аптада нашарлайды деп болжанды. Сақтық шарасы ретінде үш облыстағы ауруханалар міндетті түрде бетперде киюді қайта енгізіп жатыр.
Италияда қаңтардың екінші жартысында ауру асқынады. Дәрігерлердің болжауынша, елде апта сайын екі миллионнан астам жұқтыру жағдайы анықталады.
Биыл ең көп В типті тұмау таралған. Соның кесірінен дене қызуы көтеріліп, аяқ-қолы ауырып, жөтеледі. Ол 60 жастан асқан ауыр респираторлық аурулармен ауыратын науқастарға қауіп төндіреді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері өсті
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Корея халқы ұшақ апатына байланысты бір апта бойы аза тұтатын болды
- авторОймақ
- 30 желтоқсан, 2024