Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады
- авторОймақ
- 14 наурыз, 2024
- 587
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Сенат Спикері өз құттықтауын Facebook-тағы парақшасында жариялады.
"Құрметті достар!
Баршаңызды Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Амал – ұлтымызды ұйыстыратын, халқымыздың берекесін еселеп, мерейін өсіретін ізгі мереке.
Қазіргі таңда бұл күн тұтас еліміз үшін ортақ мейрамға айналды десек, артық бола қоймас. Дұрыс құндылықтарды дәріптейтін осындай мерекеде еліміздің бірегейлігі айқындалып, бірлігі бекемделе түседі.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Наурыз мейрамын жаңа форматта атап өтуді ұсынған болатын. Осыған байланысты тың бастамалар қолға алынып жатқаны белгілі. Мұндай қадам тарихи санамызды жаңғыртып, ұлттық рухымызды одан әрі шыңдау үшін қажет.
Сондай-ақ бұл игі дәстүр қоғамда өзара құрметтің, бауырмалдылықтың және мейірімділік пен жанашырлықтың маңызын арттырады.
Баршаңызды көктемнің осы мерекесімен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық және әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!
Амалдан амалға аман-есен жете берейік!" – деп жазды Сенат Төрағасы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.