Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жыл кешінде Қазақстан өңірлерінде қанша бала дүниеге келгенін мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 181 бала: оның ішінде 105 ұл мен 76 қыз дүниеге келген. Сонымен қатар Маңғыстау облысында егіз туылды.
Мереке түнінде туған нәрестелердің көп саны Түркістан облысында тіркелді (34 сәби). Екінші орында – Алматы мен Алматы облысы тұр. Онда 17 нәресте дүниеге келген. Туу бойынша көшбасшылардың үштігінде Шымкент қаласы да бар. Мұнда 16 отбасы толықты.
Ал Астанада жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүниеге келген. Қызық факт: өткен жылы бұл көрсеткіш бірдей болған.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала