Экономика

Қазақстандықтар ақшасын қайда жұмсайды?

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың соңғы тоқсанындағы қазақстандықтардың шығыстары туралы мәліметті жариялады.

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың соңғы тоқсанындағы қазақстандықтардың шығыстары туралы мәліметті жариялады. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың төртінші тоқсанында бір қазақстандықтың шығыны 277 202 теңге немесе айына 92,4 мың теңге болған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,3 пайызға жоғары.

Қазақстандықтардың шығыстарының негізгі үлесі азық-түлікке – тоқсанына 142 169 теңге, азық-түлік емес тауарларға – 66 268 теңге, ақылы қызметтерге – 48 250 теңге болды.

Бір қазақстандыққа азық-түлік және алкогольсіз сусындар 129 953 теңге, сыртта тамақтану 6 070 теңге, алкогольдік сусындар 1 766 теңге, темекі өнімдері 3 970 теңгеден түседі.

Еліміздің бір тұрғыны орта есеппен тоқсан сайын несие мен қарызды өтеуге 14 819 теңге, алиментке 5 362 теңге, салық және басқа да төлемдерге 334 теңге жұмсаған.

Болжам бойынша, ең көп шығын елорда тұрғындарында. Астананың бір тұрғыны тоқсанына 366 345 теңге жұмсаған, бұл айына 122 115 теңге. Одан кейін алматылықтар мен Қарағанды ​​облысының тұрғындары тұр.