Әлеумет

Ұшақ апатынан қаза тапқан Гаухар Шәймерденова мен ұлын ақтық сапарға шығарып салды

Шаймерденова мен оның 11 жастағы ұлы Жұмағат Эльдар апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортында болған.

Кеше Ақтау маңында болған ұшақ апатында қаза тапқан Гаухар Шәймерденова мен оның ұлын туыстары мен достары Астана қаласында соңғы сапарға шығарып салды.

Ulysmedia.kz мәліметінше, марқұмдардың жаназасы Астанадағы Республикалық орталық мешітте өтті.

Шаймерденова мен оның 11 жастағы ұлы Жұмағат Эльдар апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортында болған.