сенбі, 28 желтоқсан, 2024 12:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әзірбайжандық депутат Ресейден ұшақ апатына қатысты кешірім сұрауын талап етті

Әзірбайжандық депутат Ресейден ұшақ апатына қатысты кешірім сұрауын талап етті
Фото: ТЖМ
Әзірбайжандық депутат Ресейден ұшақ апатына қатысты кешірім сұрауын талап етті

Әзірбайжан парламентінің депутаты Расим Мусабеков Ресей тарапы Әзербайжанның азаматтық ұшағына әуе шабуылына қарсы шабуыл жасағаны үшін кешірім сұрауы керек деген талап қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Turan порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

“Ұшаққа Ресей аумағында, Грозный аспанында соққы жасалды. Мұны жоққа шығару мүмкін емес. Мұны істегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, өтемақы төлеу керек”, – дейді депутат.

Расим Мусабеков егер Ресей болған жағдай үшін кешірім сұрамаса, Баку мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас басқаша жалғасатынын ескертті. Сондай-ақ депутат Ресейде әлдекімдер оқиғаға қатыстылардың ізін жасыруға тырысып жатқанын айтып қалды. 

Расим Мұсабеков Әзірбайжан мәжілісінің депутаты болып төрт рет сайланған. Ол – халықаралық қатынастар және парламентаралық байланыстар комитетінің мүшесі.

Бұған дейін әлемдік БАҚ Ресей зымыраны Ақтауда құлаған ұшақты атып түсіргенін хабарлаған еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар