"Нансоғарлар" еліміздің қай аймағында тұрады?
Ұлттық статбюро былтырғы жылдың ІV тоқсанында жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну көлемі жөніндегі деректерді жариялады.
Әр отбасының азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығынының көлемі қатты өзгермеген.
Ондағы шығынның ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17.4%), нан мен жармаға (8%), сондай-ақ, сүт өнімдеріне (5,4%) тиесілі.
Аймақтар арасында жекелеген азық-түлік өнімдерінің тұтынылуын салыстыратын болсақ, нан мен жарма өнімдерін ең көп тұтынатындар Түркістан облысында тұрады — 44,1 кг (тоқсанына жан басына шаққанда).
Ет және ет өнімдері бойынша Жамбыл облысындағылар — 25,8 кг, балық өнімдерін ШҚО, БҚО және СҚО тұрғындарының дастарханынан жиі табуға болады — бір адамға шаққанда тоқсанына 5,2 кг, көкөніс бойынша Түркістан облысындағылар — 23,8 кг, жемістер алматылықтар арасында — 22,1 кг, ал тәттілер Ұлытау облысында — 14,4 кг көп тұтынылған.
Соңғы бес жылдағы деректерді алып қарасақ, ет пен балық тұтыну көрсеткіші жыл сайын ІV тоқсанда, ал көкөніс пен жеміс тұтыну ІІІ тоқсанда көбейетінін байқауға болады.