Руханият

Астанада Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері қатысты.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және ақынның ұлы Алмас Оңғарсынов қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ поэзиясының падишасы атанған қаламгердің шығармашылық мұрасын жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара аясында Фариза Оңғарсынованың жеке текті қоры салтанатты түрде ашылды.

Мерейтойлық жиын барысында «Сезім мен сыр: Фариза Оңғарсынованың өмір белестері» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ақынның өз қолымен жазған отбасылық шежіресі мен өмірбаяны, бұрын-соңды жарияланбаған фотосуреттері және хаттарынан жинақталған 50-ге жуық құжат таныстырылды.

Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс аясында 3000 дана таралыммен жарық көрген «Фариза Оңғарсынова. Таңдамалы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.