сенбі, 28 желтоқсан, 2024 11:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үндістанның бұрынғы премьері қайтыс болды

Үндістанның бұрынғы премьері қайтыс болды
Фото: Известия
Ол 92-ге қараған шағында өмірден өтті.

Денсаулығы нашарлаған экс-премьер Делидегі ауруханаға жатқызылып, 92 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Манмохан Сингх Үндістанның ең жылдам дамып келе жатқан державалардың біріне айналуына мүмкіндік берген либералды экономикалық реформалардың сәулетшісі болып саналады.

Үндістан 1990 жылдардың басында банкроттық алдында тұрды. Манмохан Сингх салықты төмендетіп, рупияны құнсыздандырды, мемлекеттік компанияларды жекешелендіріп, шетелдік инвесторларды шақыра бастады. 

Қабылданған шаралар экономиканы жандандырды, өнеркәсіп өндірісінің өсуіне түрткі болды және инфляцияны тежеді. Үндістандағы экономикалық өсім 1990 жылдардан бері тұрақты жоғары болып қалып отыр. 

Сингх премьер-министр қызметін 2004-2014 жылдары атқарды, оған дейін 1991 жылдан бері қаржы министрі болып жұмыс істеген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар