Әлеумет

Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтарға қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.

Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды.

Бұл туралы Ақтауда өткен брифинг барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.

«Мен әр отбасы туралы айта алмаймын, бұл жеке деректер. Алайда асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. МӘСҚ желісі бойынша - 257 мың теңге», – деді вице-министр.

Жалпы алғанда көмектің екі түрі көрсетілмек: 

5 млн теңгеден астам біржолғы көмек,

асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы.