Әлеумет

Орталықтың директоры мен бухгалтеріне қатысты үкім шықты

The final spritzer

Олар мекемеде заңсыз жалақы аударған.

Атырау облысы Жылыой аудандық соты "№2 ересектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы" КММ директоры Жалекенова мен бухгалтер Шмидоваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Антикордың хабарлауынша, олар мекемеде нақты еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны заңсыз аудару арқылы 73 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Алдын алу шаралары аясында сот процесі ашық режимде өткізілді. Процеске онлайн режимінде білім беру мекемелерінің басшылары мен бухгалтерлері қосылды.