Қоғам

Ұшақ апатынан ауруханаға түскендердің тізімі жарияланды

Олардың ішінде Қазақстан азаматтары жоқ.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақтауда облыстық ауруханаға түскен әуе компаниясынан зардап шеккендердің тізімін жариялады. Олардың ішінде Қазақстан азаматтары жоқ.

Дәрігерлердің айтуынша, Маңғыстау облыстық ауруханасына 29 адам түскен. Оның ішінде 2 бала бар. 11 адам ауыр жағдайда реанимацияға жеткізілген. Олардың арасында қазақстандықтар жоқ.

Балалардың жағдайы:

1. Арсбаефа Мариям 13.08.2013 ж. Алдын ала диагнозы: миы шайқалған. Беті, мұрыны, жамбасы көгерген, абразиялары бар. 

2. Джерова Салихат Хазриловна 22.01.2008 ж. Алдын ала диагноз: Миы шайқалған. Аяғы сынған. Травматикалық шок алған.

– Қазір апат орнында жұмыс тоқтатылды. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы 4 мәйіттің басында, қалғандары ТЖМ деректерінен кейін анықталды, - деп хабарлады дәрігерлер.