Семейде шырша безендірем деп құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері айтты.
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмек көрсету департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаева Семейде шырша безендіру кезінде жарақат алған мұғалімнің қазіргі жағдайы қалай екенін айтты.
Айта кетейік, 22 желтоқсанда Семей қаласының шыршасын безендіру кезінде мұғалім Қуат Айтқалиев құлап, жансақтау бөліміне түсті. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Семейде шыршаны безендіріп жатып құлаған мұғалімге қатысты пікір білдіріп, бұны заң бұзушылықтың айқын көрінісі деген болатын. Осы жағдайдан кейін қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті.