жұма, 27 желтоқсан, 2024 19:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Семейде шырша безендірем деп құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды

Семейде шырша безендірем деп құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Фото: qalamger.kz
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмек көрсету департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаева Семейде шырша безендіру кезінде жарақат алған мұғалімнің қазіргі жағдайы қалай екенін айтты.

"Мұғалімнің жағдайы жақсарып келеді. Қазір ол есін біледі, медициналық көмек алып жатыр. Жарақат алған күні оған шұғыл ота жасалды. Қазір ол жансақтау бөлімінен шығарылды және қабынуға қарсы ем жүргізілуде.Жарақат ауыр болғандықтан, қалпына келу процесі біраз уақытты қажет етеді", - деді Г. Сәрсенбаева Мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, 22 желтоқсанда Семей қаласының шыршасын безендіру кезінде мұғалім Қуат Айтқалиев құлап, жансақтау бөліміне түсті. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Семейде шыршаны безендіріп жатып құлаған мұғалімге қатысты пікір білдіріп, бұны заң бұзушылықтың айқын көрінісі деген болатын. Осы жағдайдан кейін қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар