Әлеумет

Әйел пойыз астына түсіп, мерт болды

Марқұм оқиға орнында көз жұмды.

Бұланды ауданының Макинск қаласында теміржол бойында әйел пойыздың астына түсіп, мерт болды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға кеше кешкісін Астана бағытына қарай келе жатқан №327 Қарағанды-Қостанай жолаушылар пойызымен болған. Пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Алайда  бұл кезде әйел пойыздың астында қалып қойған. Оқиға жайлы Бұланды аудандық полиция бөліміне теміржол вокзалының кезекшісі хабардар еткен.  

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен салдары анықталып жатыр. Марқұмның 36 жаста екені анықталды.