Қоғам

«Хабар» неден сүрінді?

«Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсеткен "Бірақ..." бағдарламасы көпшіліктің ашуын туғызды.

Аталмыш бағдарламаның тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйел туралы шығарылымы жұртшылықтың ашуына тиді.

Журналист, белсенді Дина Елгезектің жазуынша, бағдарлама авторлары маскүнем күйеуінің тепкісіне төзген, жәбірленуші әйелді эфирге алдап шығарған:

Бағдарлама жүргізушілері ерлі-зайыптыларды татуластырмақ болған. Студияға гүл алдырып, күйеуіне бергізіп, бітімге келтірмек ниетте студияда отырған сарапшыларды, нумеролог, психологтарды сөйлетеді. Олар жұптың бір-бірін түсінісуі керектігін айтады. 

Аталмыш шығарылымға қоғам белсендісі, продюсер Перизат Мырзахмет те пікір білдірді. Ол бағдарламаны "Бишімбаев сияқтыларды ақтауға арналған жоба" деп жазды өзінің инстаграм-сторисінде.

Резонансқа қатысты «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев кейіпкерлерден, халықтан кешірім сұрады: