Әлем

Имамдарға қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы төленеді

Дін мәселесіне көңіл бөлінбек.

Қырғызстанда 2025 жылдың наурызынан бастап мешіттегі діни қызметкерлерге қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы төленеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ел президенті елдегі дін мәселесіне көңіл бөлмек.

Бастапқыда жалақы 8 мың сом (48 мың теңге) болса, жыл соңына дейін 20 мың сом (120 мың теңге) болады деп жоспарланған.

Қайырымдылық қорына арнайы шот ашып, оған төлем жасау үшін мешіттерде арнайы QR-жәшіктері орнатылады. Бұл жәшіктерді орнатуды мемлекет өз мойнына алмақ.