Әлеумет

Жауапты тұлғаларды жазалауға тиіс – Асхат Аймағамбетов

Депутат Семейдегі шырша безендіру кезіндегі оқыс оқиғаға байланысты пікір білдірді.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Семейде шыршаны безендіруге барған кезде құлап, жансақтау бөліміне түскен мұғалімнің оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Семей қаласында мұғалімдерді шырша орнатуға тартып, соның салдарынан бір мұғаліміміздің ауыр жарақат алғаны алаңдатты. Мұндай жағдайды жай ғана «жаңсақтық» деп қарастыруға болмайды. «Педагог мәртебесі туралы» заңның 6-бабында нақты көрсетілген: мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартуға қатаң тыйым салынады.Жаңа жылға дайындық, көше тазалау, басқа да науқандарға мәжбүрлеп тарту сияқты ескі «дәстүрлерден» біржола бас тартуымыз керек. Бұл – заңды өрескел бұзу, - дейді Асхат Аймағамбетов.

Ол бұл ретте нақты шаралар қажет екенін айтты:

Мұғалімдерге тікелей міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартуды тоқтату үшін министрлік бақылауды күшейтуі қажет.

Білім басқармалары мен мектеп әкімшіліктері мұғалімдердің құқықтарын қатаң сақтау бойынша міндеттерін орындауы тиіс.


Мемлекет басшысы әрдайым мұғалімдердің мәртебесін қорғау мен олардың құқықтарын сақтау мәселесін ерекше назарда ұстап келеді. Біздің міндетіміз – сол талаптарды орындап, заңның жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жарақат алған әріптесімізге тезірек сауығып кетуін тілеймін. Министрліктің бұл мәселені бақылауға алғаны – үміт береді, - дейді депутат.