жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркияда медициналық тікұшақ аурухананың ғимаратына соқтығысып құлады: 4 адам қаза тапты

Түркияда медициналық тікұшақ аурухананың ғимаратына соқтығысып құлады: 4 адам қаза тапты
Фото: TRT Haber телеарнасына
Түркияда медициналық тікұшақ аурухананың ғимаратына соқтығысып құлады: 4 адам қаза тапты

Түркияда медициналық тікұшақ аурухананың ғимаратына соқтығысып құлады. Салдарынан төрт адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Мугла провинциясында болды. 

Деректерге сүйенсек, тікұшақ аурухананың жоғарғы қабатына соқтығысып, кейін аулаға құлаған. Соққы салдарынан тікұшақ бөлшектеліп қалды. 

Салдарынан ішінде болған ұшқыш пен үш фельдшер қаза тапты.

"Оқиға таңертең биіктікке көтерілу кезінде болды. Тікұшақ аурухананың төртінші қабатына соқтығысты. Барлығы көз жұмды", - деді губернатор.

Билік апаттың себебі тұман екенін айтты. Тікұшақ Анталияға бет алған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар