Экстремизм мен терроризмге қатысы барлардың көбі орта жастағылар
- авторОймақ
- 13 наурыз, 2024
- 298
Ranking.kz порталының жазуына қарағанда ісі сотта қаралғандардың ішінде 99 адамның орта және арнайы орта білімі бар екен. 19 адам жоғарғы оқу орнын бітіргені белгілі болды.
Істі болғандардың үштен бірі немесе 41 адам терроризмді насихаттаған немесе теракт жасауға ашық түрде шақырған. Ал 24 адам сот шешімімен тыйым салынған немесе жабылған діни және өзге қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысқаны үшін, я болмаса сондай бірлестіктерді ұйымдастырмақ болғаны үшін істі болыпты. Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни араздық туғызғаны үшін істі болғандар 23 адам. Бұл деректер соңғы жылда тыйым салынған ұйымның жұмысына қатысқандар үлесі 60%, араздық тудырғандар үлесі 76,9%-ке көбейгенін көрсетеді.
Сотқа ісі жолданған 122 адамның 44-інің жасы 30-39 аралығында болса, 38 адам 40-49 жастағы азаматтар екен. 15 адам 50-59 жас аралығында болса, 60 тан асқандарс аны 6 адам. Кәмелет жасына жетпестен терроризм және экстремизммен айыпталғандар саны 3 адам. 18-20 жас аралығындағы жастардың саны 4 адам. 21-29 жастағылар 12 адам. Яғни терроризммен және экстремизммен айыпталғандардың көбі отыздан асқандар болып отыр. Орта жастағылар. Алайда ісі нақты сотқа жолданған адамдардар бөлек, сотқа едйінгі бірыңғай реестрде тіркелген істер де бар. 2023 жылдың он екі айында бұл реестрге терроризм және экстремизмға байланысты тергелген 208 іс тіркелді. Бұл 2022 жылғыдан 5,6%-ке көп.
Биыл да терроризм мен экстремизмге қатысы барлар аз болмауы мүмкін. Оған соңғы бірнеше күннің өзіндегі ақпараттар дәлел болады. Мәселен, Шымкент қаласында 28 ақпан күні терроризмді насихаттаған азамат ұсталса, 6 наурызда дәл осындай айыппен тағы бірнеше адам тұтқындалды. Олар әлеуметітк желілер арқылы терроризмді насихаттаған. Бұл азаматтарды ҰҚК қызметкерлері құрықтаған болатын.
Oimaqnews
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.