Қоғам

Марат Омаров – Қазақстан футбол федерациясының президенті

2022 жылғы 16 тамызда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалған болатын.

ҚФФ-ның кезектен тыс XXVII сайлау конференциясы өтті, бұл жиында федерацияның жаңа басшысы сайланды.

Күні кеше Дэвид Лория сайлауға қатысудан бас тартқан еді. Осылайша, футбол федерациясының басшысы болуға «Алматы облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан Даумов Алтай Алмасұлы, «Ақмола облыстық футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан Қайыров Ербол Қыдырбекұлы және  «Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы» ЗТБ атынан Омаров Марат Талғатұлы дауысқа түскен еді. 

Дауыс беру нәтижесі бойынша Марат Омаров жеңіске жетті. 

Марат Омаров бұған дейін:

2012-2014 жылдары — Экономикалық даму және сауда, кейіннен- Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі;

2014-2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары;

2016-2017 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарушы директоры;

2017-2019 жылдары — «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы, трансформациядан кейін — «QazTech Ventures" АҚ Басқарма төрағасы ("Бәйтерек "ҰБХ" АҚ құрылымына кіреді);

2019 жылдан бастап 2020 жылғы қазанға дейін — «Бәйтерек "ҰБХ" АҚ басқарушы директоры — Басқарма мүшесі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы тамызға дейін — ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 

2022 жылғы 16 тамызда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалған болатын.