Қазақша фильм көбейгенімен, сапасы сын көтермейді – Руслан Рүстемов
Аралас тілде сөйлеу белең алды.
Сенат отырысында депутат Руслан Рүстемов қазақ киносы мен телебағдарламаларда ана тілін шұбарлау, сленг, жаргон сөз қолдануға қарсы ұсыныс айтты. Сенатордың айтуынша, қазақ киносы көбейгенімен, сапасы сын көтермей тұр. Әсіресе, кинода аралас тілде сөз қолдану үрдісі белең алып барады. Мұны көрермендердің бір тобы реалистік оқиға деп қабылдаса, екінші топ ана тілінің қолдану аясын тарылту деп ұғып жүр. Осылай деген сенатор аралас тіл қолданыстары қазақ тілінің тазалығын сақтауға зиян тигізіп жатқанын айтты. Депутат осы мәселелерді шешу үшін отандық фильмдердің идеологиялық және әдеби сапасына ерекше назар аудару қажет екеніне тоқталды.
мұндай жағымсыз үрдіс телебағдарламаларда да көбейгенін айтады сенатор. Телехабарларда аралас тіркестің жиі қолданылуы қазақ тілі үшін проблема екенін атап өтті.