Әлеумет

Мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкеріне аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін үкім жариялады

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Грузиядан экстрадицияланған БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкеріне аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін үкім жариялады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz   Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Сот процесі барысында көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы сотталушының мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, 2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункті арқылы көлік құралдарының кедергісіз өтуі үшін 75 720 000 теңге сомасында пара алғанын дәлелдеді.

"Сотталған мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар  сот мүлікті тәркілеуді қолданып, сотталушыдан пара сомасын өндіріп алды", – делінген Бас көлік прокуратурасы хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.