Шымкент қаласының Білім басқармасының бөлім басшысы мен 18 колледж директоры жауапқа тартылды
Лицензия алынбаған мамандыққа грант берілгені анықталды
Прокуратура Білім басқармасының қызметінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды дайындау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, – деп хабарлады Oimaqnews.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Нәтижесінде, комиссия шешімімен бөлінген гранттар негізсіз өзгертілгені, лицензия алынбаған мамандыққа грант берілгені анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 20 қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 18 колледждің директоры мен Шымкент қаласының Білім басқармасының бөлім басшысы бар.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.