Қоғам

Әуежайдағы автотұрақ бағасы қымбаттайды

Алматы әуежайындағы автотұрақ бағасы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгереді.

Алматы әуежайындағы автотұрақ бағасы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгереді.

«Алматы халықаралық әуежайы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғары сапалы автотұрақ қызметтерін көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында және пайдалану шығындарын ескере отырып, әуежайда тұраққа жаңа тарифтер енгізілетінін хабарлайды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ әуежай әкімшілігі тұрақ орнын үнемі жаңартып, жетілдіріп отыратынын соның ішінде жаңа кіреберіс пандусын салу, сұранысты қанағаттандыру үшін тұрақ орындарын кеңейту және нөмірді тану автоматтандырылған жүйелері сияқты озық технологиялар қолданылатынын жеткізді.

«Бұл шаралар біздің барлық тұтынушымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған», - дейді әуежай әкімшілігі өкілдері.

Осылайша, әуежай алаңы мен жабық тұрақ кешені аумағында, сондай-ақ оңтүстік автотұрақта 15 минут тегін тұруға болады. Бірінші сағат сәйкесінше 600 теңге және 350 теңге тұрады. Бір сағаттан екі сағатқа дейін тұрақ құны сәйкесінше 850-500 теңгені, ал 2 сағаттан 4 сағатқа дейін 1200-700 теңге болады, баға тұрақ уақыты ұзарған сайын одан әрі өсе береді.