Башар Асад режимі құлаған соң Израиль ұшақтары Сирия жеріне әуе шабуылын жасап, 320 ден астам нысанаға соққы жасаған еді. Соның ішінде құпия нысандар да болған. Әрі Израиль әскері Голан жоталарынан өтіп, Дамаскіге 30 шақырымдай жерге келіп тоқтады. Медиада Израиль ұшақтарының қалай құпия нысандарды тапқаны жайлы түрлі ақпарат тарап жатыр. Солардың арасында әскери ынсандар жайлы құпия деректерді Башар Асадтың өзі Тель-Авивке бергені жайлы пікірлер бар. Түрік басылымдары нақты дерек көздеріне сілтеме берместен осы оқиға жайлы жазды. Ал израильдік сарапшы Сергей Аусландер мұндай мәліметтерді араб медиасы да таратқанын, тіпті құжаттардың скриншотын да жариялағанын жазды. Алайда қандай да бір сілтеме берген жоқ.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.