Прокуратура тұрғындарды заңсыз митингілерге қатыспауға шақырды
- авторОймақ
- 11 желтоқсан, 2024
- 416

Алматы облысының прокуратурасы тұрғындарды заңсыз митингілерге қатыспауға шақырды. Бұл туралы Талғар аудандық прокуратурасы хабарлады.
Алматы облысының прокуратурасы жиналыстар, митингілер, пикеттер сияқты бұқаралық іс-шараларды өткізу «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңымен қатаң реттелетінін еске салды.
«Біз тұрғындарды жауапкершілік танытып, заңсыз митингілерге қатысуға шақыруларға еріп кетпеуді сұраймыз. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру және оған қатысу заңды өрескел бұзу болып саналады және ауыр зардаптарға әкеп соғады. Бұл әрекеттер әкімшілік жауапкершілікке (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы) және қылмыстық жауаптылыққа (Қылмыстық кодекстің 400-бабы) жатады.
Заңсыз әрекеттерге қатысу әкімшілік қамауға алуға, ірі көлемдегі айыппұлдарға, сондай-ақ қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз», - делінген хабарламада.
Прокуратура халықты заңды сақтауға шақырып, заңсыз әрекеттерге қатысу әкімшілік қамауға алуға, ірі көлемдегі айыппұлдарға, сондай-ақ қылмыстық қудалауға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Бекзат Нұрдәулетов – Азия чемпионы
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда екі жасөспірімді жабылып аяусыз соққыға жыққандар ұсталды
- авторОймақ
- 12 мамыр, 2025