Димаш тағы бір марапатқа ие болды
Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.
Танымал әнші Димаш Құдайберген төртінші мәрте «Халықтың сүйіктісі» премиясының иегері атанды.
Белгілі болғандай, «Халықтың сүйіктісі-2024» 14-ші ұлттық премия өздерінің қорытындысын шығарды.
«Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді. Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың Мәдениет қайраткері болып танылды», - делінген Dimash.news хабарламасында.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.