Руханият

Тынышпаевтың ұлы өмірден өтті

Дәулет Мұхаметжанұлы – 150-ден аса ғылыми еңбектер мен авторлық куәліктердің иесі.

Ғалым, техника ғылымдарының докторы Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаев АҚШ-та өмірден өтті.

Бұл туралы баспагер Бақытжан Бұқарбай хабарлады. 

“Алаштың арысы Мұхаметжан Тынышбайұлының туған ұлы, техника ғылымдарының докторы Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаев екі күн бұрын АҚШ-та дүниеден озды деген суық хабар келді. Атамыздың туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз”, – деді Бақытжан Бұқарбай парақшасында. 

Дәулет Мұхаметжанұлы – 150-ден аса ғылыми еңбектер мен авторлық куәліктердің иесі. Сондай-ақ ҚБТУ мен ҚазҰТУ-дың докторлық қорғау бойынша бірлес­кен диссертациялық кеңесінің де мүшесі болып сайланған.