Қоғам

Қызылордалық полицейлер екі тұрғыннан 2038 киік мүйізін тәркіледі

Қызылордалық полицейлер екі тұрғыннан 2038 киік мүйізін тәркіледі

Қызылорда облысында полицейлер 2 мыңнан астам киік мүйізін сатумен айналысқан екі тұрғынды қолға түсірді. Бұл бағытта Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.  - Іс-шара барысында Арал ауданы Сексеуіл кентінде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлардың дериваттарды сатумен айналысатын адамдар құрықталды. Олардан 2038 дана киікті мүйізі, электрондық өлшегіш таразы және 2 көлік құралдары тәркіленді. Ұсталғандар тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.