Спорт

Бибосынов жартылай финалға өте алмады

Азия чемпионатының ширек финалы өтіп жатыр.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (51 келі) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады.

Бибосынов турнир аясында алғашқы жекпе-жегін ширек финалдан бастаған еді. Алайда ол жарысты жалғастыра алмады. Асылбек Жәлілов төрешілердің шешімімен жеңісті суырып алды.