бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 17:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Табыстың 22,2 пайызы азық-түлікке кетеді – Жұманғарин

Табыстың 22,2 пайызы азық-түлікке кетеді – Жұманғарин
Сурет: primeminister.kz
Бүгін Үкімет сағаты өтті.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин халықтың азық-түлікке табысының қанша бөлігін жұмсайтынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Серік Жұманғариннің айуынша, біз өзімізді азық-түлік тауарларымен 80%-дан 100%-ға дейінгі қамтамасыз етеміз. Ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, ұн – бұлардың барлығы ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде өндіріледі.  
Алайда бірқатар тауар бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр (құс еті – 73%, шұжық өнімдері – 60%, балық – 54%, ірімшік және сүзбе – 57%, қант – 42%).  

«Бұл мәселе бізге белгілі және оны шешу мақсатында сүт тауарлы фермаларды, өңдеу кәсіпорындарын, құс фабрикаларын салу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері енгізілуде», - деді ол Сенатта.  

Вице-премьердің сөзінше, 2022 жылы халықтың номиналды ақшалай табысындағы азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалатын шығындардың үлесі 23,4% құрағанын айтты. 2023 жылы бұл шығын 22,2% дейін төмендеген. Оның 8%-нан - тоқаш өнімдері мен жарма, шамамен 17% - ет, 5% - сүт және сүт өнімдері, 4% - көкөністер, жемістер, қант және кондитерлік өнімдер.

Сондай-ақ Сенат кулуарында Серік Жұманғарин халық табысының жартысын азық-түлікке жұмсайтыны жайлы сөзбен келіспейтінін мәлімдеді.

«Бүкіл ақшаның, тапқан табыстың жартысы азық-түлікке кетеді дейді. Ол дұрыс емес. Тұтынушылық шығындардың 50 пайызы ол азық-түлікке кетеді. Оны біз жасырмаймыз. Ал тұтынушылық шығындар – біздің тапқан табыстардың 50 пайызы. Себебі біз тек қаражатты тұтынушылық шығындарды азық-түлікке жұмсамаймыз ғой. Несие бар, бала-шаға, қарыздарымыз, оқу бар. Сондықтан табыстың қазір 22,2 пайызын азық-түлікке жұмсаймыз. Арақ-шараптар кірмейді, – деді ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар