Әлеумет

Маңғыстауда өзін-өзі өртеген ер адамның жағдайы белгілі болды

Көпсалалы облыстық ауруханасы Ақтаудағы әкімдік ғимаратында өзін-өзі өртеген ер адамның жағдайы жайлы мәлімет берді,

Көпсалалы облыстық ауруханасы Ақтаудағы әкімдік ғимаратында өзін-өзі өртеген ер адамның жағдайы жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Аурухананың баспасөз қызметі 6 желтоқсан күні таңертең оның жағдайы ауыр екенін хабарлайд: науқас механикалық желдету аппаратына қосылған, дәрі-дәрмекпен седацияланған және гемодинамика дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, деп жазады Lada.

Дәрігерлер Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының реаниматологымен және комбустиологпен кеңесуді жоспарлап отыр.

 Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев жәбірленуші жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. Оның сөзінше, ер адам Samruk Business Academy компаниясында ОКК компаниясының "Токмак" тұзсыздандыру зауытын салу жобасында жұмыс істеген. Жұмыс мерзімі уақытша болған. Келісімшарт бір жылға ғана жасалған. Жоба аяқталғаннан кейін ер адам штатқа қабылданбаған, соған наразылығын білдірген.

Бұрынғы жұмысшы өзінің қиын қаржылық жағдайы мен несиелері барын айтып, тұрақты жұмысқа орналасуды талап еткен. Облыс әкімдігі оған "Каспий" тұщыландыру зауытында және басқа да ұйымдарда бос жұмыс орындарын ұсынған.

Ер адам ұсынылған бос орындарға наразы болып, ОКК-да жұмысқа орналасу мәселесін шешу үшін облыс әкімімен кездесуді талап ете бастаған. Әйтпесе ол өзін өртеп жіберемін деп қорқытқан дейді Сәрсенбаев.