Филиппиндік бала күтуші өзіне жала жапқан кәсіпкерден моральдық шығын өндіріп алды
Шешім заңды күшіне енді.
Талап қоюшы Филиппин Республикасының азаматшасы Б. жеке кәсіпкер М.-ға қатысты ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау, сонымен қатар моральдық зиянды өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.
Сот анықтағандай, тараптар арасында бала күтушісі қызметін көрсетуге агенттік шарт жасалған.
2024 жылдың ақпан айында жауапкер Instagram әлеуметтік желісінде талап қоюшының төлқұжатын пайдаланып: «Еңбек міндеттерін орындамай, алаяқтықпен қашып кеткен жұмыскер. Өте сақ болыңыз!» деген жариялым жасаған.
Филологиялық-психологиялық зерттеудің қорытындысымен таратылған ақпарат шындыққа жанаспайтын болса, ар-намысты, абыройды және іскерлік беделді түсіретінін растады.
ӘК-ның 141, 143-баптарына сәйкес таратылған ақпараттың шындыққа сәйкестігін дәлелдеу міндеті жауапкерге жүктеледі.
Жауапкер өз кезегінде сотқа тараған ақпараттың шындыққа сәйкестігін растайтын дәлелдемелерді ұсынбады.
Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылды.
Талап қоюшының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жариялымдағы мәліметтер шындыққа жанаспайды деп танылды.
Сот жауапкерді сол БАҚ-та көрсетілген мәліметтерді жоққа шығаруға міндеттеді.
Сонымен қатар, жауапкерден 100 мың теңге моральдық зиян өндірілді.
Шешім заңды күшіне енді.