Доллар бағамы: 600 теңгеге жете ме – Ұлттық банк басшысы пікір білдірді
Банк басшысы болжам жасады.
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов доллар бағамына қатысты болжам жасады.
Сүлейменов Сенат кулуарында журналистердің "доллар бағамы 600 теңгеге жете ме?" деген сауалына былай деп жауап берді.
“Менің ойымша, қазіргі экономикалық жағдайда мұндай болмайды. Бізде нарықтық бағам түзілімі жүріп жатыр. Нарық өз тепе-теңдігін тапты. Егер сыртқы факторлар өзгермесе, доллардың осы бағамы сақталады”, – деді Тимур Сүлемейнов.