Әлеумет

34 мың әйелге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

34 мың әйелге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне 34 мың әйелге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Әлеуметтік көмекті елорданың көпбалалы аналары алады.

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларына, көпбалалы аналарға, оның ішінде тұрмысы төмен аналарға – 34 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9 230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді», - делінген хабарламада.

Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы аналарға беріледі.