Руханият

"Моана 2" фильмі 67 млн теңге табыс тапты

Қазақ тіліне дубляждалған фильмдер арасында көш бастап тұр.

«Моана 2» фильмінің қазақша дубляжы 67 млн теңге табыс тапты.

Бұл туралы «Меломан» компаниясы хабарлады.

«Моана-2» фильмінің қазақша дубляжы кең прокатқа шыққан 6 күн ішінде 67 млн теңге жинады», — делінген хабарламада.

Бұл — қазақ тіліне дубляждалған барлық фильм арасында рекордтық көрсеткішке ие болып ең көп табыс тапқан өнер туындысы атанып отыр.