Қоғам

МӨЗ-дің бұрынғы бастығы Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды.

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды. Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасай отырып "Ақ Жайық" жазды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Бұған дейін БАҚ Мұрат Досмұратовтың қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін 72 сағатқа қамауға алынғанын хабарлаған болатын. Досмұратовтың ұсталуының бас директор Ғалымжан Жусанбаев пен оның орынбасары, бас инженер Әділет Шошанбасов таяуда қызметінен босатылған Атырау мұнай өңдеу зауытындағы соңғы оқиғаларға қатысы жоқ екені атап өтілді.

"Ақ Жайық" мәліметінше, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС басшылығына қатысты соталды тергеуді облыс прокуратурасының үйлестіруімен Атырау бойынша ҚМА департаменті жүргізіп жатыр.