сәрсенбі, 4 желтоқсан, 2024 23:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Оңтүстік Корея президенті әскери жағдайды тоқтатты

Оңтүстік Корея президенті әскери жағдайды тоқтатты
Сурет: The Presidential Office/Handout via REUTERS
Елдегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар Юн Сок Ёльді сынға алып, оның отставкаға кетуін талап етуде.

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль өткен түнде енгізген әскери жағдайды тоқтатты.

Бұл шешімді ел басшысы Оңтүстік Корея Парламентінің – Ұлттық ассамблеяның 300 депутатының 190-ы әскери жағдайды жоюға дауыс бергеннен кейін қабылдады.

Конституцияға сәйкес, әскери жағдай парламенттің көпшілігінің қолдауымен жойылуы тиіс.Құжатты қабылданғаннан кейін әскери жағдайды енгізу күшін жояды, ал әскери қызметшілер Ұлттық ассамблея ғимаратынан кетеді.

Елдегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар Юн Сок Ёльді сынға алып, оның отставкаға кетуін талап етуде.

Еске сала кетейік, кеше түнде Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль оппозициялық Демократиялық партияны үкіметті жаулап алуға тырысты деп айыптап, «солтүстіккореялық қарсы күштерді» жою мақсатында елде әскери жағдай енгізді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар