Әлеумет

Алматыда қоймада жұмысшы лифтіге қысылып қайтыс болды

Бұл туралы Алматы қалалық полиция басқармасы хабарлады.

 

Оқиға 2 желтоқсанда Түрксіб ауданындағы "Norma Logistics" ЖШС қойма кешенінің аумағында болған. Мердігер ұйымның шебері дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде лифтіге қысылып қалған. Алған жарақаттарынан 21 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болған.

"Түрксіб ауданының полиция басқармасында еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Адамның қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", –  деп хабарлады департамент.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде.