сәрсенбі, 4 желтоқсан, 2024 23:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

12 жасқа толмаған балаларды жалғыз қалдыруға тыйым салу керек – балалар омбудсмені

12 жасқа толмаған балаларды жалғыз қалдыруға тыйым салу керек – балалар омбудсмені
Сурет: zakiyevadinara/ instagram
Динара Закиева 12 жасқа толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салу туралы бастама көтерді.

Қазақстандағы Балалар омбудсмені Динара Закиева 12 жасқа толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салу туралы бастама көтерді.

Бұл туралы ол Әлеуметтік желідегі парақшасында Ақмола облысында өрттің салдарынан екі бала қаза тапқан қайғылы жағдайға жауап ретінде жазба жариялаған

"Осы фактілерді талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын.Әрине, сонымен бірге қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекет көздеген көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі қажет", – деп жазды ол.

Осылайша ол Ақмола облысында өрттің салдарынан екі бала қаза тапқан қайғылы жағдайға жауап берді. Сондай-ақ, оның айтуынша, 2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт тіркелді және осы жағдайлардың көпшілігінде балалар үйде жалғыз болған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар