Сириялық көтерілісшілер Алеппоның орталық аудандарына жетті
Сириялық көтерілісшілер Алеппоның орталық аудандарына жетті
Үш күнге созылған қақтығыстар кезінде қарулы оппозиция топтары Алеппо және Идлиб провинцияларында кемінде 70 елді мекенді басып алды, деп хабарлайды Anadolu Ajansı. Башар Асад режимінің күштерімен қақтығысқан режимге қарсы қарулы топтар Алеппо қаласының орталық аудандарына жетті. Сирияда Асад режиміне қарсы қарулы топтар Алеппо аумағына түскі уақытта кіріп, кешке қарай қаланың ішкі аудандарына жылжыды. Қарулы топтар қала орталығындағы Садалла әл-Джабири алаңына жетті. 27 қарашада Алеппоның батысында режим күштері мен үкіметке қарсы қарулы топтар арасында қақтығыс болды. 3 күнге созылған қақтығыстар кезінде қарулы оппозиция топтары Алеппо және Идлиб провинцияларында кемінде 70 елді мекен мен қаланы басып алды. Еске сала кетсек, көтерілісшілер Алеппо провинциясындағы Сирия армиясының бақылауындағы аймақтарға кең ауқымды шабуыл жасап, басып алған болатын.