Атырауда әйел мен екі баласын қатыгездікпен өлтірген ер адам сотталды
- авторОймақ
- 29 қараша, 2024
- 60
Атырау облысында әйел мен оның екі баласын қатыгездікпен өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz inbusiness.kz порталына сілтеме жасап.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тиісті қылмыстық іс қаралды. Ер адам бірнеше бап бойынша айыпталды.
Іс материалдарына сәйкес, қаза тапқан әйел 2022 жылы күйеумен ажырасқан, олардың ортақ екі баласы бар. Кейіннен әйел айыпталушымен кездескен, бірақ қайғылы оқиғадан бір ай бұрын олар қарым-қатынасты бұзған. Бұл жағдайдан кейін сотталушы әйелді бензин құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан.
Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын марқұм әйел басқа ер адаммен танысады. Оған бұрынғы сүйіктісі өзін қорқытқанын айтты. Қылмыс күні әйелдің жаңа танысы мен сотталушы сөйлесіп, бітімге келеді. Марқұм әйел өмірі үшін қорқып, жаңа танысынан үйде қалуын өтінген.
Қайғылы оқиға болған түні сотталушы жақын маңдағы жанар-жағармай бекетінен 5 литр бензин сатып алып, пәтерді бензин құйып, өртеп жіберді. Өрт салдарынан 10 және 7 жастағы балалар қаза тапты. Әйелдің денесінің 90%-ын күйік шалып, ауруханада көз жұмады. Марқұм әйел дәрігерлер мен полицейлерге өртке кінәлі адамның есімін айтып үлгерген. Марқұм әйелдің жаңа танысы өрт кезінде терезеден секіріп үлгеріп, аман қалды.
Сот отырысында сотталушы ер адам өз кінәсін мойындамады. Ол қаза тапқан марқұмдардың туыстарынан кешірім де сұрамаған.
Судья ер адамды кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сотталушы қаза тапқандардың туыстары мен жәбірленушіге 30 млн теңге көлемінде моральдық зиян мен пәтерді өртеу кезінде келтірілген залал үшін 6 млн теңгеден астам материалдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
«Моана 2» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
Ұқсас жаңалықтар
Депутат қымбатшылыққа байланысты балаларына жарық пен суды үнемдеуді үйрете бастаған.
- авторОймақ
- 4 желтоқсан, 2024
Еділ Жаңбыршин қазақтың жігіттерін сынап, қыздарды қорламай, керісінше қорғауға шақырды
- авторОймақ
- 4 желтоқсан, 2024